Log main

youtubetelegatweetfacebinsta 

apple

Катар Ақмола облысына 200 миллион доллар инвестиция салмақ.

11

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Катар Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі Абдулазиз бен Сұлтан Әл-Румейхимен кездесті.
Атап айтқанда, Ақмола облысында астық өңдеу зауытының құрылысы туралы сөз болып отыр. Жобаның сметалық құны 200 миллион АҚШ долларын құрайды, қазіргі уақытта оның тұжырымдамасы мен серіктестік шарттары пысықталуда.

Үкімет басшысы атап өткендей, Катар Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық әріптесі болып табылады. Дипломатиялық қарым-қатынас 30 жыл бұрын орнатылған. Ал соңғы жылдары екіжақты қарым-қатынастардың дәйекті дамуы байқалады, оған екі ел басшыларының белсенді байланыстары ықпал етті.
Әлихан Смайылов қазан айында Дохада Қазақстан-Катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының 6-шы отырысы сәтті өткенін еске салды.
«Бұл оқиғалар біздің сауда-экономикалық байланыстарымыздың кеңеюіне айтарлықтай серпін береді. Айта кету керек, өткен жылы біздің экономикаға Катар инвестициясының көлемі 3 есе өсті. Ал 10 айда тауар айналымының көлемі де 3 есеге жуық өсті. Дегенмен, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға әлі де әлеует бар екені анық. Біз өзімізде бар мүмкіндіктерді кеңейтуге мүдделіміз. Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешенде бірқатар жобаларды бірлесіп жүзеге асыру перспективалары бар екенін атап өту қуантады», - деді Премьер-Министр.
«Қазақстанда бизнесті дамыту үшін қажетті жағдайлар бар. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп сендірді Әлихан Смайылов.
Абдулазиз бен Сұлтан әл-Румейхи мырза Үкімет пен ел басшылығының қабылдауы мен қолдауы үшін алғысын білдірді. Елші Катардың екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, бизнес-жобаларды жүзеге асыруға және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Banner EPC TV

05

Banner EPC Sport