Ермек Маржықпаев: Біз елімізде бар үлкен туристік мүмкіндіктерді толық пайдалануымыз керек
«Бүгінде Алматы қаласы әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үшін ең тартымды орындардың бірі болып табылады. Біз инфрақұрылымды одан әрі дамытып, осы саладағы бизнесмендерге мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын көрсететін боламыз», – деді Қазақстан Республикасының Сауда және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Министрлік жаңа әуе рейстерін ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Мысалы, 2024 жылдың наурыз айынан бастап Air Asia Куала-Лумпур мен Алматы арасында аптасына 4 рейс жиілігімен, сондай-ақ Алматы-Джидда бағыты бойынша 2 рет жиілікпен тікелей тұрақты жолаушылар рейсін ашуды көздеп отыр.
– Биылғы жылдың қорытындысы бойынша аталған шараларды жүзеге асыруда оң динамика байқалады. Республика бойынша жалпы құны 800 млн теңгеден асатын кәсіпкерлердің өтінімі мақұлданды (туристік нысандар құрылысына, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына, тау шаңғысы курорттарын жабдықтауға, туристік автобустарға), бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 есеге артық», - деді Ермек Маржықпаев.
2023 жылы Алматыда «Qazaq auyl» (Қазақ ауылы) мейрамхана кешені, «Гранд Милдом» қонақ үйі және «Медеу лагері» балалар лагері бар эко қонақүйдің құрылысы аяқталды. 6 нысанның құрылысы жүргізілуде: «Parkside Living» апартаменттік қонақ үйі, «Медеу Park Hotel» қонақ үй кешені, «Қимасар» қонақ үйі, Түрксіб ауданындағы 3 қонақ үй және 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған Park Dedeman Almaty. Есеп беру кездесуінен кейін министр жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына да жауап беріп, олардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.