Log main

youtubetelegatweetfacebinsta 

apple

Қазақстан-Сауд Арабиясы:Туризм.Спорт.

10

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуы аясында 2024 жылы спорт және туризм салаларында бірлескен іс-шаралар өтеді.
2023 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фейсал Ханеф Х.Алқахтани мырзамен кездесу өткізді. Туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстан министрі Сауд Арабиясында БАҚ өкілдері мен туристік компаниялар үшін пресс-тур ұйымдастыруды ұсынды. Оның пікірінше, бұл ҚСА азаматтарына Қазақстанның көркем пейзаждарын өз көздерімен көруге мүмкіндік береді және бұл екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін береді. Сондай-ақ, Қазақстан министрі Сауд Арабиясының 2019 жылы «Көшпенділер ғаламы» этнофестивалін сәтті ұйымдастырғанын атап өтіп, ҚСА өкілдерін 2024 жылы қыркүйекте Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды.

Banner EPC TV

05

Banner EPC Sport