Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Мемлекет басшысына Мәжілістің заң шығару қызметі туралы баяндалды. Ерлан Қошанов:
Сессия басталғалы бері 35 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының жүзеге асырылуын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану, бизнес жүргізу, тәлімгерлік пен балалардың қауіпсіздігі, денсаулыққа зиян келтіретін жұмыс орындарында еңбек ететін азаматтарды арнайы төлемақымен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін құжаттар қабылданғанын айтты;