Парламент : Қазақстан. Ирак
Ирак Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси серіктесі
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Юлия Кучинская, Данабек Исабеков, Самат Нұртаза Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джабер Наджм Абдулла Аль-Темимимен кездесті. – Ирак Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси серіктесі болып табылады. Біз тек саяси ғана емес, сауда-экономикалық салада да ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Осы тұрғыда Ирактың іскер топтарын елімізге келіп, қазақстандық әріптестермен кеңейтілген келіссөздер жүргізуге шақырамыз», - деді Иракпен парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Жанарбек Әшімжанов. Джабер Наджм Абдулла Аль-Темими Ирак тарапының да Орталық Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
«Жібек жолы» бағдарламасы Еуропа мен Азияны біріктіру мақсатымен Иракта басталды. Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер Қазақстан-Ирак ынтымақтастығын барлық салаларда, соның ішінде парламенттер арқылы дамытуды жалғастыруға келісті.