Log main

youtubetelegatweetfacebinsta 

apple

Марат Қарабаев:2023 жылдың соңына қарай көлік саласының барлық негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Басқарма басшысы салаға құйылған инвестиция бір жарым еседен астамға артып, 2 триллион теңгеге жуықтағанын атап өтті. Ал 11 айда республика бойынша жүк тасымалының жалпы көлемі 895 миллион тоннаны құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 пайызға дерлік артық. Транзит үлесі де 21%-ға өсті. Жол саласында да үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Биыл 10 мың шақырымнан астам жол жөнделді.

Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:

Біздің негізгі күш-жігеріміз 4-5 жыл болған ұзақ мерзімді құрылыс жобаларын жеделдетуге бағытталды. Нәтижесінде мұндай жобалар бойынша, яғни Талдықорғаннан Өскеменге, Қарағандыдан Алматыға, Ақтөбеден Қандыағаш-Атырау арқылы Астраханға баратын жолдармен жүру қамтамасыз етіледі. Бұл жобалар бойынша жалпы ұзындығы 856 шақырым және 1000 шақырым жол жүру қарастырылған. Барлық өтпелі жобалар 2024 жылы пайдалануға беріліп, облыс орталықтарын байланыстыратын жалпы ұзындығы 4700 шақырымды құрайтын жаңа жобалардың құрылысы кезең-кезеңімен басталады.
Көліктік жүк ағындарын арттыруға ерекше назар аударылды. 11 айдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 19%-ға өсті. Инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Темір жол көлігі саласында да бірнеше ірі мегажобаларды жүзеге асыру басталды. Алдағы 3 жылда республикада мыңдаған шақырымнан астам жаңа темір жолдар салынады.

Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:

Поти портында Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін арттыратын терминалдың құрылысы басталды. Биыл бұл бағыт бойынша 2 миллион 757 мың тонна жүк тасымалданып, 64 пайызға өскен. ТМТМ дәлізі бойынша биыл алғаш рет мұнай тасымалданды. Сондай-ақ биыл Құрық портында астық терминалы іске қосылды. Авиация саласында әуе көлігін пайдалану мәдениеті белсенді түрде қалыптасуда. Оны биылғы жылы жолаушы тасымалының 23%-ға артуы дәлелдейді.

Banner EPC TV

05

Banner EPC Sport