Log main

youtubetelegatweetfacebinsta 

apple

Алихан Смаилов ҚР ПМ : Биылғы жылды жаңа ауқымды жобалармен аяқтағалы отырмыз.

08

Экономиканың сапалы дамуы – Үкімет жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі. Бұл жерде «сапалы» деп елімізде жаңа жұмыс орындарының ашылуын, нарықта жаңа отандық өнімдердің пайда болуын, жаңадан көлік жолдарының салынуын айтуға болады. Біз аталған бағыттар бойынша жыл бойы белсенді жұмыс істедік. 2023 жылы инфрақұрылым мен энергетикада бірнеше маңызды жоба іске қосылды.

Қараша және желтоқсан айларының өзінде ғана бірнеше теміржол құрылысы басталды, жаңа газ кен орындары іске қосылды, республиканың батыс өңірлері қуатты энергетикалық жүйемен қамтамасыз етілді. Мұның бәрі экономиканың өсуін ынталандырып, қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына өз үлесін қосады. Осы жобалардың әрқайсысына толығырақ тоқталып өтсем деймін. 14 қарашада Алматы облысында Алматы торабын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды. Ауқымды жобаның нәтижесінде Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға жүктерді жеткізу уақыты ең кемі 1,5-2 күнге қысқарады. Құрылыс аясында жергілікті қамту үлесі кемінде 85%-ды құрайтын болады. Жалпы аталған кезеңде 130 шақырым теміржол салынып, үш станция, 13 көпір, бес теміржол және бір автомобиль өткелі салынады. Құрылыс жұмыстарына 1 400 адам, ал желіні пайдалану кезінде 500-ге жуық адам тартылмақ. 27 қарашада Түркістан облысында жаңа теміржол құрылысы басталды. Бұл – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын нығайтатын ұзындығы 152 шақырымдық «Дарбаза – Мақтаарал» желісі. Қазір негізгі жүк тасымалы өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп тұрған «Сарыағаш» станциясы арқылы өтеді. Жаңа теміржол бұл станцияның жүктемесін азайтып, Өзбекстанға қазақстандық тауарларды тасымалдау көлемін арттырмақ. Бұл күре жолдың құрылысы 3 400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, ал жобадағы қазақстандық қамту үлесі 85%-ды құрайтын болады.

Отандық жеткізушілерді тарту әрдайым осы тәріздес барлық жобалардың маңызды басымдықтарының бірі болып қала беретінін тағы да атап өткім келеді. Жуырда ғана, яғни 21 желтоқсанда осы жылғы үшінші теміржолдың құрылысы басталды. Ол Қытаймен қосымша көлік байланысын қамтамасыз етіп, жүк айналымын тағы 20 млн тоннаға – 28 млн-нан 48 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Абай облысында да жұмыстар басталды, ұзындығы 272 шақырым болатын жаңа теміржол желісі Бақты мен Аягөз станцияларын байланыстырады. Жобаны 2027 жылға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары үшін қазақстандық өндірушілерден 500 мыңнан астам шпал мен 36 тонна рельс сатып алынады. Жергілікті қамту деңгейі кемінде 85%-ды құрамақ. Теміржол желісін салуға 1 700-ден астам адам тартылатын болады. Содан кейін түсіру-тиеу орындарында жаңадан тұрақты жұмыс орындары ашылмақ. Энергетика саласына көшейік. 29 қарашада Атырау облысында Қазақстанның батыс энергетикалық аймағындағы желіні нығайту үшін салынған жаңа электр беру желілері іске қосылды. Ұзындығы 780 шақырым болатын желілер салынды, бұл желінің өткізу қабілетін және елдің батыс өңірлеріндегі тұтынушылардың барлығын энергиямен жабдықтау тұрақтылығын арттырады. Аталған жоба Қазақстанның батысында, оның ішінде МАЭК электр станциясындағы апаттық жағдайлардың санын қысқартуға мүмкіндік береді. Электр желілерін нығайту оны Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесімен одан әрі біріктіруге негіз болмақ.

Сонымен қатар 22 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысындағы «Рожковское» кен орнында газ өндіру жұмыстары басталды. Бұл кен орны 2008 жылы ашылған болатын, енді мұнда 2040 жылға дейін 14,2 млрд текше метр шикі газ және 7,1 млн тонна конденсат өндіру жоспарланып отыр. Оны «ҚазМұнайГаз», мажарстандық MOL Group және қытайлық Sinopec компаниялары игеретін болады. Кен орнын игерудің арқасында Ұлттық қорға 501 млрд теңге, ал жергілікті бюджетке 110 млрд теңге кіріс түседі, сондай-ақ акционерлер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кемінде 3,1 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл жоба азаматтар мен өнеркәсіптің тарапынан газға деген сұраныстың артып отырған жағдайында ерекше маңызға ие. Аталған жобалардың әрқайсысы елімізді дамытуда үлкен рөл атқаратынын атап өткім келеді. Өңірлердің экономикалық әлеуеті нығая түседі, қазақстандық мамандар үшін мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады, бюджет кірістері өседі. Мұның барлығы бізге, Үкімет жұмысының басты мақсатына жақындай түсуге, яғни қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің экономикалық дамуын жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. _______________

Banner EPC TV

05

Banner EPC Sport