Әлихан Смаилов Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуы туралы
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов. Cұхбат.24KZ
Үкімет басшысының айтуынша, логистика жақын арада ел экономикасының жаңа «өсу нүктесіне» айналуы тиіс. «Биылғы жылы транзиттік тасымалдардың жалпы көлемі 21 пайызға артып, 30 миллион тоннаны құрады», - деді Әлихан Смайылов. Елімізде 4 жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. «Өткен аптада біз Қытай бағытында жаңа темір жол құрылысын бастадық. Бұл «Бақты – Аягөз» желісі. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін 2 есеге жуық – 28-ден 48 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға, оңтүстіктегі өткізу пункттерін түсіруге және қосымша транзиттік көлемді тартуға мүмкіндік береді», - деді Премьер-Министр. Өткен айда «Дарбаза-Мақтаарал» жобасы бойынша жұмыстар басталды. Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды. Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы жалғасуда. «Соңғы 30 жылда елімізде небәрі 2,5 мың шақырым темір жол салынса, алдағы 3-4 жылда біз 1,3 мың шақырымнан астам темір жол саламыз», - деді Әлихан Смайылов.
Теңіз көлігін дамыту мәселесіне тоқталған Премьер-Министр Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалдауды арттыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. «2025 жылға қарай Ақтауда контейнерлік хаб салынады. Құрық портында астық терминалы іске қосылды. Онда да «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы жүріп жатыр», - деді ол. Оның айтуынша, автокөлікпен жүк тасымалы да ерекше маңызға ие. Бүгінде олар 42 мемлекетпен 8 транзиттік автомобиль дәлізі бойынша жүзеге асырылады. «Автомобиль көлігін одан әрі дамыту мақсатында 11 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 7 мың шақырымы республикалық желі ішінде. Осы және басқа да шаралардың арқасында біз көлік қызметінің көлемін айтарлықтай арттыруды көздеп отырмыз», – деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар, Әзірбайжан, Грузия және Түркиямен Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТИР) дамыту бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда. «Олармен бірге біз тиісті жол карталарына қол қойдық. Олардың мәні осы дәліз бойындағы Каспий теңізіндегі порттардағы да, Әзірбайжандағы, Грузиядағы темір жол бойындағы және тиісінше одан әрі Түркиядағы барлық «тарттамаларды» жою болып табылады. Қазір бұл жұмыс белсенді жүргізілуде», - деп түйіндеді Премьер-Министр.