Log main

youtubetelegatweetfacebinsta 

apple

Әлихан Смаилов:Экономика өсуде, инфляция төмендеуде

08

2023ші жылдың үкімет жұмысының қорытындысы

24KZ телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2023 жылға арналған жалпы ішкі өнім мен инфляцияның болжамдық көрсеткіштерін жариялап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты.

Премьер-Министр атап өткендей, республика күрделі сыртқы жағдайларға бейімделе алды.

«Әлемдік нарықтағы қолайсыз факторларға қарамастан, биылғы жылы ел экономикасы тұрақты өсуде. Өткен жылды 3,2 пайыз өсіммен аяқтасақ, биылғы жылдың 11 айында ол 4,9 пайызды құрады. Жыл соңында өсім 5%-ға жуықтайды деп күтілуде», – деді Әлихан Смайылов.

Ол экономиканың барлық негізгі секторларында оң динамика қалыптасып жатқанын айтты. Мәселен, құрылыста – 13 пайыз, саудада – 11 пайыз, байланыс саласында – 8 пайыз өсім болды.

«Экономикалық өсудің негізгі драйвері – инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15 пайызға өсіп, 15 триллион теңгені құрады», - деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, биылғы жылдың басты сын-қатерлерінің бірі инфляция болды.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Үкіметке инфляция деңгейін екі есеге төмендету міндетін қойды. Осы мақсатта Ұлттық банкпен бірлесіп жедел және орта мерзімді шаралар жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін инфляция деңгейі 9,8 пайызды құрайды деп күтеміз. Бұл екі есе азаяды деген сөз. Келесі жылы біз инфляцияны одан әрі: 6-8% деңгейіне дейін төмендету бойынша жұмысты жалғастырамыз. Біз өзімізге осындай дәліз жасап жатырмыз», – дейді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақтылығын халықаралық рейтингтік агенттіктер де растайтынын қосты.

«Олар Қазақстанның рейтингін инвестициялық сенімділік деңгейінде белгіледі. Сондықтан экономикамыз сыртқы факторларға бейімделді деп айта аламыз. Дегенмен, олардың әлі де экономикаға кері әсері бар. Сондықтан Үкімет түрлі сценарийлерге дайын болу үшін әлемдегі жағдайды қадағалап, қажетті шараларды қабылдайтын болады», - деді Премьер-Министр.

Banner EPC TV

05

Banner EPC Sport