Log main

youtubetelegatweetfacebinsta 

apple

ШҚО-да 300-ден астам құтқарушы Жаңа жыл түні кезекшілік етті

IMG 2939

 

Бүгін Жаңа жыл түнінде Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бүкіл гарнизоны күшейтілген режимде жұмыс істеуде, оның ішінде 300-ден астам қызметкер кезекшілікте, деп хабарлайды Altainews.kz.  

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ведомство басшыларымен бірге Қазақстан Республикасы ТЖМ ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің арнайы жасағына барып, қызметкерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.  

Кездесу барысында аймақ басшысы құтқарушыларға тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді.  

— Сіздер күн сайын адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғап, ең қиын сәттерде батылдық пен кәсібилік танытасыздар. Жаңа жыл сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, амандық және табыс әкелсін, – деді Ермек Көшербаев.  

Құтқарушылардың айтуынша, Жаңа жыл түні пәтер балконына отшашу кездейсоқ түсіп, өрт шыққан. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында өрт пәтердің ішіне тарамай тұрып сөндірілген.  

Айта кетейік, осы түні кезекшілікке 300-ден астам полиция қызметкері шықты.

Banner EPC TV

05

Banner EPC Sport