Log main

youtubetelegatweetfacebinsta 

apple

Ұлытау өңірінде діни бірлестіктер клубы құрылды

zhez1

Жезқазғанда облыстық діни конфессия жетекшілерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында тараптар пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Жиын барысында діни бірлестіктер жетекшілеріне Ұлытау өңірі діни бірлестіктер клубының тұжырымдамасының жобасы таныстырылып, бірауыздан мақұлданды.

Клубтың негізгі мақсаты – діни саладағы өзекті мәселелерді талқылауға жағдай жасау. Конфессияаралық қарым-қатынасты дамыту, өңірдегі түрлі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті нығайту.

Клуб өз қызметінде мемлекеттік органдармен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ аймақтық деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Banner EPC TV

05

Banner EPC Sport