Роман Скляр жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге Қарметтің қайта түлеу жоспарымен танысты.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Қарағанды металлургиялық зауытын қазақстандық компанияның меншігіне берудің сәтті аяқталғанын атап өтті. Бұл ретте Мемлекет басшысы кәсіпорынның болашақ тағдыры үшін Қарметтің де, үкіметтің де жауапкершілігінің дәрежесін нақты көрсетіп берді. Осы нұсқаулықты орындау мақсатында бүгінде біз дамудың ең оңтайлы жолдарын бірлесіп зерттеп жатырмыз», - деді Роман Скляр.
Шахтада. Т.Күзембаевтың сөзіне қарағанда, делегацияға барлық нысандарда енгізу жоспарланған жерасты позициялау және радиобайланыс жүйесі ұсынылды. Жүйені пайдалана отырып, диспетчер шахта ішіндегі персоналдың орналасуы мен қозғалысын бақылайды. Бұл жағдайды дұрыс бағалауға және қажет болған жағдайда қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Сапар барысында Qarmet басшылығы шахталар мен зауыттарды техникалық жарақтандырудағы күрделі мәселелер, сондай-ақ заманауи өндіріс технологияларын енгізу перспективалары туралы баяндады.
Отырысты қорытындылаған Роман Скляр Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан жоғары сенім деңгейін атап өтіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын жетілдіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
primeminister.kz