Қарағандыда өткен «Сарбаз сахнасы» әскери-патриоттық байқауы 300-ден астам оқушыны біріктірді
Қарағандыда «Сарбаз сахнасы» облыстық әскери-патриоттық байқауы өтіп, оған 300-ден астам мектеп оқушылары қатысты.
Өңірдегі 17 мектептің «Жас сарбаз» кадет сыныптарының оқушылары «Елім менің», «Желтоқсан желі ызғарлы» және «Тәуелсіздік толғауы» атты үш номинация бойынша бақ сынады.
Байқауды «Сарыарқа дарыны» балаларға арналған қосымша білім берудің облыстық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.
«Оқушылар сарайында «Жас сарбаз» сыныптар арасында облыстық «Сарбаз сахнасы» әскери-патриоттық сайысы үшінші рет өтті, - деп атап өтті «Сарыарқа дарыны» республикалық ғылыми-практикалық балаларға арналған қосымша білім беру орталығының әдіскері Мақсұт Дастан. . – Жасөспірімдер мен жастар арасында патриоттық тәрбиені насихаттау, дарындарды ашу, балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін, көркем шығармашылығын, эстетикалық талғамын арттыруға бағытталған. Жарысқа 17 команда – 320 бала қатысты.
«Елім менің» номинациясы бойынша Теміртау қаласы Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің оқушылары жеңіске жетті. Олар Руслан Мамытовтың «Қазақстан бақыты» әнін хормен орындап, бірінші орынды жеңіп алды. Балаларды байқауға мұғалімдер Гүлнар Әзімбаева, Ирина Бондарева және Мира Сабитаева дайындады.
– Жеңісіміз бізге бағыт-бағдар беріп, моральдық қолдау көрсеткен ұстаздар еңбегінің жемісі. Барлық қарсыластар лайықты болды. Мұндай байқаулардың біз үшін пайдасы өте зор, өйткені біз құрбы-құрдастарымызды танып, қабілет-қарымымызды көрсетіп қана қоймай, шабыттанып, жігер аламыз», - дейді Б.Момышұлы атындағы Теміртау лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Мұхамбедсай Сыдық.
«Желтоқсан желі ызғарлы» номинациясы бойынша мектеп оқушылары актерлік шеберліктерін көрсетті. Қарағандылық Б.Момышұлы атындағы орта мектептің командасы ұлт ұстазы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы мен Алаш партиясы қайраткерлерінің өмірінен сыр шертетін театрландырылған қойылым дайындап, жүлделі І орынды иеленді.
– Театрландырылған қойылымға тоғыз бала қатысты. Басты рөлді – Ахмет Байтұрсыновты 10-сынып оқушысы Арыстан Жиенов сомдады. Оларды мектебіміздің «Шамшырақ» театр студиясының меңгерушісі Балжан Күйқалақова мен Ақбаян Баянова дайындады», - дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рымжан Әділбаева. – Біздің театр студиясында барлығы 40-қа жуық бала білім алуда. Олар бірнеше рет облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды. «Жас сарбаз» сынып оқушылары – мектебіміздің мақтанышы.
«Тәуелсіздік толғауы» номинациясы бойынша бірінші орын Қарағанды қаласы Н.Әбдіров атындағы жалпы орта мектебінің сегізінші сынып оқушысы Балсина Наурызбаеваға бұйырды. Оны байқауға сынып жетекшісі Жұлдыз Нұрғалиева дайындады.
– Бұл номинацияда біз белгілі авторлардың Қазақстан туралы шығармаларын жатқа оқимыз. Бек Байтасовтың «Туған жер» өлеңін жатқа оқыдым. Әрине, толқу болды. Бірақ мен оған төтеп бердім», – дейді Балсина Наурызбаева. – Ал маған бірінші орын берілді. Маған «Жас сарбаз» сыныбында оқыған ұнайды. Бұл пәндерді ғана емес, сонымен қатар дамытуға көмектеседі. Хор, хореография, өрт сөндіру үйірмелерінде тегін оқи аламыз.