Log main

youtubetelegatweetfacebinsta 

apple

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады

marat

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды.

Президентке облыс экономикасының бірқатар салаларындағы оң нәтижелер туралы айтылды. Негізгі капиталға салынған инвестиция 530 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке инвестициялар – 435 млрд теңге. 154 жоба жүзеге асырылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылды.

Марат Ахметжанов хабарлағандай, шаруаларды қолдау және өңделген өнім үлесін арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдануда. Жыл басынан бері өсімдік майы, өңделген ет, сүт, сары май, ірімшік, сүзбе сияқты өнімдердің өндірісі артты. «Макинск» құс фабрикасының 3-кезегі іске қосылып, «Ақ-Дала Агро» ЖШС-нің қуаттарын кезең-кезеңімен кеңейту облыстың құс етін өндіруден республикада алдыңғы қатарға шығуына мүмкіндік берді.

Жылыту маусымының өту барысына ерекше назар аударылды. Әкім хабарлағандай, барлық коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы тұрақты бақылауда, Көкшетау мен Степногорск қалаларында нысандарды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған Көкшетау қаласын дамытудың Бас жоспарының жобасы әзірленгені туралы хабарланды. Сондай-ақ Президентке халықтың тұрмысын жақсартуға және жол қозғалысын азайтуға бағытталған агломерацияны дамытудың жаңа Кешенді жоспарының жобасы ұсынылды.

Соңында Мемлекет басшысы өңірді одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын жүзеге асыру, инвестиция тарту, сондай-ақ Ақмола облысының қалаларын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Banner EPC TV

05

Banner EPC Sport