Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен кездесті
Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ақмола облысынан сайланған депутаттары Нұрлан Бекеновпен, Талғат Жүнісовпен және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айна Мүсірәлімовамен кездесті. Жиын барысында аймақ басшысы атқарылған жұмыстар үшін депутаттарға алғыс айта отырып, оларды өткен жылдың қорытындылары мен даму перспективаларымен таныстырды. «Өздеріңіз білесіздер, Ақмола облысының экономикалық әлеуеті жеткілікті және одан әрі әлеуметтік-экономикалық өсуге барлық мүмкіндіктер бар. Облыс бірегей географиялық жерде орналасқан. 2024 жылы облысымыз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру жалғасады.ТЖ және ЖСҚ жобасын, сондай-ақ Көкшетау қаласындағы жылу электр стансасын іске асыру мәселесі қарастырылуда.Сонымен қатар, жаңа кешенді даму жоспарының жобасы әзірленуде. халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған агломерация әзірленді», - деді М.Ахметжанов. Айтпақшы, Ақмола облысына жұмыс сапары аясында депутаттар бірқатар аудандардағы елді мекендерді аралайды.