Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ресей консулы Алан Хетагуровпен кездесті
Бүгін Ресей Федерациясының Өскемендегі бас консулы Аслан Хетагуровпен кездесіп, ынтымақтастық мәселелері мен ортақ жобалар бойынша әңгіме өрбітіп, жоспарлар барысын талқыладық. Атап айтқанда, Башқұртстанның балды өнеркәсіптік шығарудағы тәжірибесі бізді қызықтыруда, өйткені Шығыс Қазақстан елдегі бал өнімінің басты өндірушісі. Сонымен қатар, агросектордағы цифрландыру бойынша Самарадағы құзыреттілік орталықтары қызығушылық тудырады. Кездесу барысында "Алтай - біздің ортақ үйіміз" жобасын жаңарту туралы сөз болды, оған жаңа серпін беру керек. Сонымен қатар, өңірлерде туристік кластерді дамытуда тәжірибе алмасу пайдалы болмақ. Өнеркәсіпте, білім беруде және денсаулық сақтауда өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағы бар. Біз болашақта да Ресей мен облыс кәсіпкерлерінің өңірде жүзеге асырылып жатқан барлық өнімді идеялары мен жобаларын қолдайтын боламыз.